Қазақстандық жобалар НАТО қайырымдылық Базарының қаражатынан қаржыландырылды

Қазақстандық жобалар НАТО қайырымдылық Базарының  қаражатынан қаржыландырылды

Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің және НАТО жанындағы миссиясынның 2020 жылдың соңында өткен НАТО қайырымдылық Базарына  қатысу тарихында алғаш рет Қазақстаннан екі жоба жалпы сомасы 13 155 еуро қаржыландыру алды. НАТО Базарының символдық сертификаттарын ресми онлайн-тапсыру рәсімі 29 жылдың 2021 қаңтарында өтеді.

Базардан түскен қаражаттың жалпы сомасы 133,125 мың еуроны құрады. Олар Бельгияның 10 қайырымдылық жобасы мен 19 Халықаралық жоба арасында бөлінді. Шараны ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл «ұйым тарихындағы алғашқы онлайн-базарды сәтті ету өз күштерін біріктірген мүше елдер мен серіктес мемлекеттер өкілдерінің үлкен жұмысының арқасында» мүмкін болды.

Базарға қатысудың басты нәтижесі конкурсқа қатысқан екі қазақстандық ұйымға – «Ерекше әлем» қоғамдық қорына (Семей қ.) және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорына (Нұр-сұлтан Қ.) қаражат беру болды.

«Ерекше әлем» ҚҚ жобасы әртүрлі жүйке-психикалық бұзылулары, соның ішінде аутизм спектрі бар балалардың сенсорлық-есту интеграциясын дамыту үшін сенсорлық-динамикалық залды ұйымдастыру және жабдықтау бойынша жұмысты ұсынды. Бұл даму модульдерін, теңдестіру модульдерін және сенсорлық-динамикалық кешендерді сатып алуды қамтиды.

«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ мүгедек балаларға арналған бейімделген спорт секциялары желісін кеңейту жөніндегі жобаны, атап айтқанда, бочча (параолимпиадалық спорт түрі) ойыны үшін жабдықтар сатып алу жөнінде  ұсыныс жасады.

Осы шара ерекше болды – Базарды онлайн өткізу шешімі барлық қатысушылар үшін, оның ішінде Қазақстан тобы үшін де өзіндік сын-тегеурінге айналды. Қысқа мерзімде әрбір тауардың фотосуреттері мен егжей-тегжейлі сипаттамасы бар бұйымдардың электрондық каталогы дайындалды, COVID-19 пандемиясына байланысты қолданыстағы шектеу шараларын сақтауды ескере отырып, онлайн-тапсырыстарды ресімдеу және оларды беру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Қазақстан Елшілігі мен НАТО жанындағы Миссиясы қызметкерлерінің жұбайлары 2014 жылдан бастап Базар жұмысына қатысуда. Айта кету керек, қаражат жинау бұл бір реттік іс-шара емес. Жұмыс жыл бойы жүргізіледі – бұл ұлттық тағам түрлерін сату, қолөнершілердің күшімен зергерлік бұйымдарды, ойыншықтарды дайындау, сондай-ақ қызметкерлердің өз қаражаты есебінен ұлттық кәдесыйларды таңдау және Бельгияға жеткізу.

НАТО қайырымдылық базары (NATO Charity Bazaar - NCB) – 1967 жылы НАТО қызметкерлері жұбайларының бастамасымен құрылған коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы. Алғашқы ресми базар екі жылдан кейін 1969 жылы өткізілді, онда көптеген елдерден әкелінген түрлі ерекше қолөнер бұйымдары ұсынылды. Қазіргі уақытта NCB 42 елдің еріктілерінен құралған, оның ішінде НАТО-ға мүше мемлекеттерден және НАТО-ның әртүрлі бағдарламаларына қатысатын елдерден, атап айтқанда Қазақстан Республикасы қатысатын Бейбітшілік жолындағы серіктестік бағдарламасы.