
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды.
Айгүл Құспан «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
А.Құспан 1997 жылдан бастап дипломатиялық қызметте. Қазақстанның Франциядағы, Аустриядағы және Литвадағы елшіліктерінде, орталық аппаратта түрлі лауазымдарда, соның ішінде ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры болып жұмыс істеді.