
Құрметті сайлаушылар!
2020 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 19 адам; «NurOtan»партиясы – 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы – 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы – 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» – 113 адам.
Сайлауалды бағдарламалар және саяси партиялар кандидаттарының тізімі жайлы мәліметтерді төмендегі кестеден табасыз.
Сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің (+32)23733890, (+32)23745096 телефондары арқылы және brussels@mfa.kz, consul.brussels@mfa.kz электрондық поштасы арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда Ван Бевер даңғылы, 30, Брюссель (Avenue Van Bever, 30, Uccle, 1180 Brussels) мекенжайында орналасқан №241 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
| Партия атауы | Сайт | Сайлауалды бағдарламасы | Кандидаттар тізімі |
| «Adal» | https://adalpartiyasy.kz/ | https://adalpartiyasy.kz/program | https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=5908 |
| «Ак-жол» | https://akzhol.kz/ru/ | https://akzhol.kz/ru/vystwplenie-a-perwasheva-po-proektw-predvybornoj-programmy-na-xvi-sezde-partii/ | https://akzhol.kz/ru/migrated_3120/ |
| «Ауыл» | https://auyl.kz/ | https://auyl.kz/program | https://auyl.kz/news/11vruchenieudostoverenii/ |
| «Нур-Отан» | https://nurotan.kz/?lang=kz | https://nurotan.kz/election-toqaev?lang=ru | https://www.zakon.kz/5048860-opublikovan-polnyy-spisok-kandidatov-v.html |
| Қазақстан халық партиясы (бұрынғы Қазақстан коммунистік халық партиясы) | https://qhp.kz/Docs/PredvibProgram.pdf | https://qhp.kz/Docs/PredvibProgram.pdf | https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=5924 |