Люксембург Сауда палатасының Халықаралық қарым-қатынастар бөлімі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Kazakh Invest Ұлттық компаниясымен бірге «Go International: Kazakhstan» вебинарына шақырады.
Вебинар ZOOM арқылы 2020 жылғы 13 қарашада онлайн режимінде өтеді.
Күн тәртібі:
- 10:30 Сауда палатасының директоры С.Теребаның және Қазақстан Республикасының Люксембургтегі Елшісі А.Құспанның кіріспе сөзі
- 10:50 ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың сөз сөйлеуі
- 11:00 Kazakh invest өкілі А.Тұмышеваның «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» туралы презентациясы
- 11:10 «Астана» Қаржы орталығының атқарушы директоры Д.Мартинның презентациясы
- 11:20 «Бәйтерек» венчурлық қорының презентациясы (tbc)
- 11:30 Компаниялардың пікірлері (Люксембург компанияларының сәттілік тарихы)
- 11:50 Сұрақтар мен жауаптар
- 11:55 Қазақстанның Люксембургтегі Құрметті консулы Б.Соботканың қорытынды сөзі
Толық ақпаратты Сауда палатасының сайтында көруге болады.