
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 ж. 2 қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шеқарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №54 Қаулының 1-тармағына сәйкес, шет ел азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда Қазақстан аумағына кіруге рұқсат берілмейді.