Казахстан и Евросоюз обсудили торгово-экономическое и инвестиционное сотрудничество

Казахстан и Евросоюз обсудили торгово-экономическое и инвестиционное сотрудничество

Ү.ж. 9 қазанда бейнеконференция форматында өткен Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ сауда ынтымақтастығы комитетінің кезекті отырысы тараптарға Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды қамтитын бөлімдерін іске асыру мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Отырыстың тең төрағалары ретінде ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев және Еурокомиссия сауда мәселелері жөніндегі директоратының Оңтүстік әріптестік, Таяу Шығыс, Түркия, Ресей және Орталық Азия департаментінің басшысы Тимо Хаммарен сөз сөйледі.

Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың қарышты дамуына қанағаттанушылық білдірді. Қазақстан Еуроодақтың өңірдегі негізгі сауда серіктесі, ал ЕО еліміздегі ең ірі инвестор және сауда серіктесі болып табылады.

Бұған жолға қойылған екі жақты тетіктер - Сауда ынтымақтастығы комитеті, Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитет, Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы - ықпал етеді. Премьер-министр Асқар Маминнің еуропалық елшілермен және бизнесмендермен Нұр-Сұлтандағы тұрақты кездесулері ерекше орын алады.

Брюссель Қазақстан үшін экономиканы әртараптандырудың ерекше маңыздылығын түсінеді және біздің ауыл шаруашылығы өнімдерімізді ЕО-ға экспорттау мәселелерін іс жүзінде шешуге ашық. Бұл салада Еуроодақ елдеріне балық және сүт өнімдерін, бал және басқа да қазақстандық тауарларды экспорттауға, сондай-ақ Еуропадан Қазақстанға ауыл шаруашылығы техникасы мен ірі қара малды жеткізуге қатысты күн тәртібінің кең тармақтары талқыланды.

Еуропалық делегация қазақстандық билікке коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде еуропалық мамандардың Қазақстанда болуы, олардың келуі және кетуі мәселелерінде ниеттестігі мен икемділігі үшін ерекше алғыс білдірді. Пандемия кезінде тауарлар мен жүктердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ететін кеден органдарының өзара іс-қимылына жоғары баға берілді.

Жалпы, тараптар атап өткендей, ү. ж. 1 наурызда күшіне енген Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім рухында Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық күн тәртібін одан әрі ілгерілету және іске асыру бойынша пайдалы пікір алмасу орын алды.