5 наурызда Люксембургте қазақ халқының көрнекті ойшылы,
Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті.
Аталған іс-шара «Қазақстан-Люксембург» ынтымақтастық қауымдастығының және Люксембургте тұратын қазақстандықтардың қолдауымен ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары ақынның ең үздік өлеңдері мен әндерінен, сондай-ақ, бүкіл әлемге әйгілі Абайдың Қара сөздерінен ләззат алды.
«Қазақстан-Люксембург» бірлестігінің өкілдері әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізіп, Люксембургтерді Қазақстанның салт-дәстүрлерімен таныстырады. Ассоциация қазақ дәстүрлі мерекелерін, шығармашылық ақындық кештерді ұйымдастыру, қазақстандық кино көрсету және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлауда.