Меню

Страницы

Статья

Брюссельде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтті

Брюссель, 2019 жылғы 15 қараша – Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Бельгияда тұратын отандастарымыздың қатысуымен қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевқа арналған әдеби кеш өтті.

Шығармашылық кештің арнайы қонақтары әдеби агент, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы мүшесі, «Асыл Отан»  мәдени іскерлік орталығының өкілі Бақтыгүл Маханбетова, Қазақстанның филолог ғалымдары, жазушылары Дандай Ысқақұлы, Клара Қабылғазина, Нұрым Тайбек және басқалары болды. Олар Брюссельге «Еуразиялық кітап форумы және әдеби фестиваліне» қатысу шеңберінде келген.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан сөйлеген сөзінде «Абай – қазақ халқының ұлы перзенті, Ұлы Даланың жаны мен мәңгілік таңы. Абай мұрасы ескірмейді, ол уақыттан тыс және барлық шекаралардан тыс болып табылады», - деп атап өтті.

Б.Маханбетованың айтуынша, «Абай - Конфуций, Гете, Шекспир және Пушкин. Біздің бүгінгі міндетіміз – әлемдегі барлық адамдарға Абайдың терең ойларын жеткізу және оның баға жетпес мұрасын дұрыс түсінуге көмектесу ».

Іс-шара барысында Қазақстанның филолог ғалымдары Абай мұрасы және оның шығармашылығындағы қызықты деректер туралы да айтты. Ұлы ойшыл Абайдың терең мағынасына толы шығармаларын сапалы аударудың қазіргі проблемалары туралы пікірлер айтылды.

Кездесуде балалар Бексұлтан мен Темірлан Қайырбековтер Абайдың «Күз» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында Б.Маханбетова Абайдың қазынасы туралы 10-нан астам кітапты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Елшілік кітапханасының қорына тапсырды.

Дата публикации
15 ноября 2019
Дата обновления
15 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

09 октября 2025
Консулдық және визалық мәселелер
05 октября 2025
Қазақстан-Бельгия
Ақпарат
01 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары