Меню

Страницы

Статья

"Тіл-Қазына" Қазақ мәдени орталығы

Брюссель, 2020 жылғы 19 маусым, – Брюссельде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі жанындағы «Тіл-Қазына» қазақ мәдени орталығы өз есігін ашты.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан сөйлеген сөзінде Елшілік Қазақ мәдени орталығы арқылы Қазақстанның бай, көп қырлы мәдениетін және тарихын насихаттауға ниетті екенін атап өтті.

Орталықта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақтар, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы семинарлар, тіпті қазақ қолөнері мен қазақ тағамдары бойынша шеберлік сыныптарын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Орталықта екі жыл бұрын Елшілік құрған қазақ би орталығы өз жұмысын жалғастырады. Балаларға «Қазақ тiлi мен қазақ әдебиетінің оқытушысы - Филолог» мамандығы бойынша дипломы бар мұғалім, елшілік қызметкерінің жұбайы Мейіргүл Сабаз үйретеді.

Ашылу рәсімінен кейін Қазақстан елшілігінің балалары көрермендердің қошеметіне бөленіп, «Қамажай» қазақ биін және «Мен қазақтың ұлымын» әнін орындады.

«Болашақта біз Қазақстаннан асырап алынған балаларды, сондай-ақ қазақ диаспорасын мәдени орталығымыздың жұмысымен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Олар үшін отанымен байланысын сақтауға орталығымыз себепкер болады деген үміттемін.

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз. Әр ұлт ана тілінің өзіндік ерекшелігімен, қалыптасуымен дараланады. Халқымыздың өткені мен болашағы, баға жетпес байлығы – ана тілі. Олай дейтін себебіміз, тіл – халықтың ұлттық болмысы, сәні, кескін-келбеті, тарихы.

Мәдени орталығымыз бәрімізге ортақ «қазына» болады. «Қазынамызды» байытуға, кітап қорын көбейтуге, түрлі қызықты материалдар іздеуге бәріміз жұмыла кірісуіміз керек. Ал, ендеше іске сәт!», - деді Елші А. Кұспан.

2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Дата публикации
03 июля 2020
Дата обновления
03 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 октября 2025
Консулдық және визалық мәселелер
05 октября 2025
Қазақстан-Бельгия
Ақпарат
01 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары