Меню

Страницы

Статья

Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

  • Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  • Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім.
  • Егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы.
  • Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін).
  • Баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

 Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

 Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:

  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 жұмыс күні;
  • Порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.
  • 20 еуро

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті ( сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және/немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz

Дата публикации
25 декабря 2023
Дата обновления
01 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 октября 2025
Консулдық және визалық мәселелер
05 октября 2025
Қазақстан-Бельгия
Ақпарат
01 апреля 2025
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары