GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық туралы
Все материалы
25 сентября 2026
Брестте ТМД және ЕАЭО мемлекеттерінің кеден қызметтерінің отырысы өтті

2026 жылғы 23–24 қыркүйекте Беларусь Республикасының Брест қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің отырысы және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Бірлескен алқасының 55-отырысы өтті.

Іс-шараларға ТМД және ЕАЭО мемлекеттерінің кеден қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Отырыстар барысында кедендік ынтымақтастықты дамыту, кедендік басқару мен бақылауды жетілдіру, ақпарат алмасу, кедендік рәсімдерді цифрландыру, кедендік транзитті дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының қатысуын ұйымдастыруға және іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсетті.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасы аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары командаларының қатысуымен халықаралық шағын футболдар жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы III орынға ие болды.

Брест қаласында аталған іс-шаралардың өткізілуі ЕАЭО және ТМД мемлекеттерінің кеден қызметтері арасындағы кәсіби және практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал етті.

25 сентября 2026
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.

26 августа 2026
ҚР Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәрдің Беларус Республикасының Гродно облысындағы кәсіпорындарға сапары туралы

2026 жылдың 25 тамызында ҚР Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Гродно облысының Волковыск қаласына барып, онда орналасқан «Волковыск ет өңдеу зауыты» ААҚ-мы және «Беллакт» ЖШҚ-да сапармен болды.

Сапар барысында «Волковыск ет өңдеу зауыты» ААҚ Бас директорының орынбасары Александр Романович Геспен кездесу өтті. Ол «Волковыск ет өңдеу зауыты» ААҚ тарихы мен қазіргі уақыттағы қызметі туралы айтып, 1964 жылы құрылған кәсіпорын бүгінгі күні Беларусь Республикасындағы жетекші ет өңдеу зауыттарының бірі болып табылатынын, ет, шұжық, басқа да ет өнімдері, қосалқы өнімдер және жартылай фабрикаттар шығаратынын атап өтті. А.Р.Гесь зауыттың дайын өнімдеріның экологиялық тұрғыдан таза екенін айта отырып, онығ себебі ретінде шұжық өндірісінде жасанды қоспалар қолданылмайтынын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері де талқыланды, соның ішінде шұжықтар мен басқа да азық-түлік өнімдерін Қазақстандағы дүкендер желісіне тікелей жеткізу мүмкіндігі талқыланды.

Түстен кейін «Беллакт» ААҚ-ның Бас директорының орынбасары Владимир Иванович Лупишпен кездесу өтті. Ол 1970 жылы құрылған «Беллакт» компаниясы Беларустағы құрғақ балалар тағамын шығаратын жалғыз және ТМД-дағы ең ірі өндірушілердің бірі екенін атап өтті. Компания сонымен қатар жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған сүт өнімдері мен қоректік заттарды шығарады.

Өз кезегінде, М. Мәдімәр беларусь өнімдерінің жоғары сапасын және олардың Қазақстан нарығындағы кең ассортиментін атап өтті, әсіресе «Беллакт» ААҚ қазақстандық балалар тағамы нарығы үшін «Нәресте» брендімен ұсынылатын арнайы қаптама дизайнының әзірлегенін атап өтті.

Кездесулер барысында Бас консул кәсіпорын басшыларын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы жылдың 15 наурызында өткен жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумның нәтижелері және осы жылдың 23 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау туралы егжей-текжейлі хабардар етті.

 

 

20 августа 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлауда дауыс беру туралы ақпарат

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2026 жылғы 23 тамызда 07.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 427 және Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдықтың жанындағы № 462 сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Бұл құқықты іске асырудың кепілі – Сіздердің деректеріңіздің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінде болуы.

 Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 427 учаскесі және Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдықтың жанындағы № 462 учаскелері бойынша сайлауға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында өз қатысуыңызды төмендегі телефон арқылы растауыңызды сұраймыз:

Минск қ. бойынша + 375 17 276 01 08, + 375 17 276 01 10;

Брест қ. бойынша + 375 162 58 35 00.

Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының қолданыстағы паспорты болуы тиіс.

Елшіліктің мекенжайы: 220035, Минск қ., Победителей д-лы, 67.

Брест қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: 224005, Брест қаласы, Крупская көшесі, 5.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz  веб-сайтында табуға болады.

14 апреля 2026
Қазақстан Республикасы Брест қаласындағы Бас консулының «Беловеж ірімшіктеріне» жасаған сапары туралы

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Беларусь Республикасы Каменский ауданының Высокое қаласында орналасқан «Беловеж ірімшіктері» кәсіпорнына сапармен барды. Кездесуге Высокое қалалық атқару комитетінің төрағасы Дмитрий Зайцев пен кәсіпорынның басшылығы қатысты.

Сапар мемлекеттеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтудың маңызды бөлігіне айнала отырып, таныстыру сипатында өткізілді. Кездесу барысында М.Мәдімәр кәсіпорынның тарихымен және Д.Зайцев атап өткендей, «ұзақ уақыттан бері аймақтың негізгі келбетіне айналған» ірімшік өнімдерін жасау тәсілімен танысты.

Кәсіпорын директорының Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі орынбасары Сергей Дробышевский мұндай кездесулер, ең алдымен, мекеменің ынтымақтастыққа ашықтығын көрсету және халықаралық аренада сенімді серіктес ретінде «Беловеж ірімшіктерінің» мәртебесін растауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан - кәсіпорын өнімдері жеткізілетін негізгі елдердің қатарына кіретінін атап өтіп, кәсіпорын бұл нарықты бағалайтынын атап өтті.

Высокое қалалық атқару комитетінің төрағасы Д.Зайцев Бас консулға беларуссиялық ірімшік жасау дәстүрлеріне қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, дипломатиялық корпус тарапынан кәсіпорынға назардың аударылуын терең бағалайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ мұндай жеке кездесулер елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтатыққа негіз болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде М.Мәдімәр өзін арнайы шақырылып, ірімшік өндірісінің өнімдерімен егжей-тегжейлі таныстырылғаны үшін алғысын білдіріп, Беларусь кәсіпорны өз өнімдерін жоғары стандарттарға сәйкес өндіретініне ерекше назар аударды.

13 марта 2026
КСРО Батыры Қазбек Нұржановтың естелігіне орай өткізілген жеңіл атлетикадан жарыс туралы

2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр КСРО Батыры, Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың естелігіне орай өткізілетін жеңіл атлетикадан жарыстың ашылу рәсіміне қатысу мақсатында Гродно облысы Волковысск қаласына іссапармен барды.

Сапар барысында аталған ауданның атқару комитетінің төрағасы Дмитрий Захарчукпен кездесу өткізіліп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Д.Захарчук Волковысск ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы және өңірде өндірілген тауарларды Қазақстанға тасымалдау мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

Өз кезегінде, М.Мәдімәр Қазақстанның дамуы мен экономикалық жетістіктері туралы және ағымдағы жылдың 15 наурызына белгіленген жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті.

Волковысск қаласында өткен спорттық ойындардың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан мен Беларусьтің әнұрандары ойалып,  Волковысск ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары Александр Соловей, Волковысск қалалық №1 жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Елена Плавская және Бас консул М.Мәдімәр сөз сөйледі.

А.Соловей жауынгер Қ.Нұржановтың Волковысск қаласын неміс басқыншыларынан азат етуге қосқан үлесін ерекша атап өтті. Қ.Нұржановтың ерлігіне беларусь халқы тарапынан ризашылық ретінде қазіргі уақытта Волковысск қаласында Қ.Нұржановтың атында көшенің аталғанын, қаладағы №1 жасөспірімдерге арналған спорт мектебңіне оның есімі берілгенін, орталық алаңда батырдың үлкен портреті орнатылған және 1978 жылдан бері оның естелігіне орай жыл сайын жеңіл атлетикадан жарыстың өтетінін атап өтті.

Е.Плавская Қазақстандағы спорттық мектептермен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, өзаралық негізде спорттық жарыстарға қатысуға және екі елдің спорт мектептері арасында арнайы келісімге қол қоюға ықпал етуді өтінді.

Өз кезегінде, М.Мәдімәр қазіргі таңда Қазақстан аймақтары мен Гродно облысы арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде дамып отырғанын, оның көрсеткіші ретінде 2026 жылдың 4 наурызында Гродно облыстық атқару комитетінің төрағасы Ю.Караев бастаған делегацияның Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарын атап өтті. Аталған сапар барысында екі елдің аймақтары арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылғаны айтылды. Сонымен бірге, Бас консул қазақстандық Қ.Нұржановтың даңқын артыруға бағытталған бүгінгі спорттық іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді және жарысқа қатысып отырған спортшыларға сәттілік пен табыстар тіледі.

2028 жылы Волковыск қаласында Қ.Нұржановтың құрметіне жеңіл атлетикадан алғашқы жарыс ұйымдастырылғанына 50 жыл толатынын назарға ала отырып, тараптар 2028 жылы мерейтойлық спорттық іс-шараларды бірлесіп және екі елдің спортшылары мен жұртшылығын тарту арқылы ұйымдастыруға келісті.

27 февраля 2026
Брест облысы ІІБ басшысымен кездесу туралы

2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Беларусь Республикасы Брест облысының Ішкі істер басқармасының бастығы, милиция генерал-майоры Олег Шуляковскиймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында М.Мәдімәр екі ел азаматтарының заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі мен Беларусь Республикасының ішкі істер органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Бас консул 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша Республикалық референдумның өтетіні хабарланды. Осы іс-шараны тиісті дәрежеде өткізу мақсатында М.Мәдімәр Брест облысының Ішкі істер басқармасының бастығы О.Шуляковскийден референдум өтетін күні Бас консулдықтың ғимараты аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолғабыс көрсету туралы өтініш білдірді.

Өз кезегінде, О.Шуляковский Брест өңірі дәстүрлі түрде Қазақстанмен ынтымақтастыққа ашық екенін және Брест қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен әрекеттестікті жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сонымен бірге, жоспарланып отырған Республикалық референдум күні Бас консулдық ғимараты маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етілетінін қуаттады.

Бас консул Қазақстан Республикасы азаматтарының облыстағы түрлі мәселелері бойынша Бас консулдықтың сауалдары уақтылы қарастырылатыны үшін өңірдің ішкі істер басқармасы басшысына алғысын білдірді.

Кездесу өзара түсіністік жағдайында өтті, тараптардың қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын растады.

27 февраля 2026
Гродно облысының кеденінің басшысымен кездесу туралы

2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Гродно облысы кеденінің басшысы Александр Пихунмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының кеден қызметі мен Гродно облысы кеденімен ынтымақтастығын, беларус-поляк және беларус-литва шекарараларындағы жағдайды, сондай-ақ аталған шекара бекеттері арқылы Еуропалық Одақ елдеріне тасымалданатын қазақстандық жүктердің кедендік бекеттерден өту мәселелерін талқылады.

А.Пихун 2025 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы беларус-поляк және беларус-литва шекараларындағы жағдайдың тұрақталғанын және қосымша өткізу бекеттерінің ашылып жатқанын хабарлады. Сонымен бірге, шекарадағы жағдайдың оңтайлануын оң үрдіс ретінде айта отырып, бұл Еуропалық Одаққа бағытталатын халықаралық жүк тасымалдар ағынын, оның ішінде қазақстандық жүктер тасымалыгың артуына оң әсер ететіні атап өтті.

Өз кезегінде М.Мәдімәр екі ел арасындағы ынтымақтастық жылдан жылға өзара тиімді негізде дамып келе жатқанын және қазіргі уақытта қазақстандық халықаралық тасымалдаушылары тарапынан беларус кедендік қызметіне қатысты ешқандай уәждің жоқтығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларда туындауы мүмкін мәселелер бойынша өзара әрекеттестікті жалғастыруға келісті.

23 февраля 2026
Гродно облысы ІІБ басшысымен кездесу туралы

2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Беларусь Республикасы Гродно облысының Ішкі істер басқармасының бастығы, милиция генерал-майоры Дмитрий Резенковпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында М.Мәдімәр екі ел азаматтарының заңды мүдделерін қорғау үшін консулдық қызметтер мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының облыстағы түрлі мәселелері бойынша Бас консулдықтың сауалдарына уақтылы қарастырылатыны үшін өңірдің ішкі істер органдарының басшысына алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Д.Резенков Гродно өңірі дәстүрлі түрде сындарлы ынтымақтастыққа ашық екенін және Брест қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдық мекемесімен әрекеттестікті жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кездесу өзара түсіністік жағдайында өтті, тараптардың қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын растады.

23 февраля 2026
Құрметті отандастар!

«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!

Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.

 

Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:

– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;

– Жас ерекшелігі маңызды емес;

– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;

– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;

– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.

 

Курстың артықшылықтары

Тілді меңгеру мүмкіндігі:

– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;

– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.

Тілдік орта қалыптастыру:

– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.

Мәдениетпен танысу:

– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. 

Өз-өзіне сенімділік:

– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.

 

Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.

Курсты толық аяқтау:      
– Барлық сабақтарды толық өту; 
– Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.

Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру:
– Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;  
Белсенділік:
– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.

 

Неге дәл осы курс?

– Сізге арналған интерактивті сабақтар;

– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.

 

Курсқа қалай тіркелуге болады?

Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.

 

Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽

 

Орыс тіліндегі тест

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog  

Түрік тіліндегі тест

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog  

 

Түрік және орыстілді аудитория үшін:

– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы

– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы

– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы

– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.

 

Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:

A1:  https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy    

A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4n

B1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4H

В2  https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81

 

Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:

А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy  

А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy  

В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 

В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6  

 

WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың  наурыз айынан басталады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары