Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Беларусьтің бас кітапханасына отандық әдеби басылымдардың 300 томы сыйға тартылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Беларусьтің бас кітапханасына отандық әдеби басылымдардың 300 томы сыйға тартылды

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаев ү.ж. 19 ақпанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында шығарылған кітаптарды Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығына тапсыру рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген А.Бейсенбаев ынтымақтастықтың көп жылдары ішінде Беларусьтің басты кітапханасы достық және мейірімді қарым-қатынастар байланыстырып отырған Қазақстан Елшілігінің сенімді серіктесіне айналғанын атап өтті. Көптеген жылдар бойы есте қаларлық күндер мен маңызды оқиғаларды бірге атап өту дәстүрі үзілген жоқ. 2020 жылы Беларусь Ұлттық кітапханасы тарихшылардың, мәдениеттанушылардың, әдебиеттанушылардың, студенттер өкілдерінің Қазақстанның ұлы ойшылдары Әл-Фараби мен Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі туралы пікірталастарын өткізу орталығына айналды.

300-ден астам басылымды Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының қорына беру Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы белгісімен өтетін ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады.

Кітаптардың ішінде еліміздің көрнекті тұлғалары – қазақ педагог-ағартушысы, жазушысы, фольклоршысы, этнограф-ғалымы Ыбырай Алтынсариннің, оның 180 жылдығы биыл кеңінен аталып өтіледі, сондай-ақ Елшіліктің тапсырысы бойынша жарық көрген ақын М. Әуезовтың Беларусь мәулесіндегі Абай жолының 4-томдық шығармалары бар. Балалар, көркем және ғылыми әдебиеттер, тарихи, мәдени басылымдар көп.

Беларусь кітапханасы қазіргі Қазақстанның қоғамдық-саяси басылымдарымен – есімі тәуелсіздік алумен және қалыптасумен байланысатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың әдеби еңбектерінің жинақтарымен айтарлықтай толықтырылады.

А. Бейсенбаев қазақстандық кітаптың Беларусь елінен өз оқырманын табатынына сенім білдірді, өйткені көркем, дана сөздің магнетизмі жаңадан келген оқырманға да жаңаша қызығушылық тудырып, Қазақстан туралы білім шекарасын кеңейте алады. Ал бір-бірін білу халықтарды жақындастырады.

«Бүгін біз Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарында болашаққа маңызды негіз қалап отырмыз. Екі елдің жетекші кітапханалары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою – Қазақстан мен Беларусьтің мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын кеңейтуге және көбейтуге мүмкіндік беретін сенімді тұғырнама болады».

Рәсім барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры Үмітхан Мұңалбаева мен Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Роман Мотульский келісімге қол қойды.

Р. Мотульский қазақстандық делегацияға бағалы сыйы үшін алғысын білдіріп, кітаптар міндетті түрде өз оқырманын табатынын және тарих, туризм және басқа да салалар тұрғысынан жастарды ерекше қызықтыратынын атап өтті.

Келісім екі елдің жетекші кітапханаларының арасында кітапханатану, библиография және басқа да байланысты ғылымдар, кітап алмасу, мәдени бағдарламалар, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, заманауи кітапхана ісінде цифрлық технологияларды дамыту және оқырмандар аудиториясын кеңейту саласындағы ынтымақтастықты білдіреді.

Оның мақсаты кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету саласындағы мәдени байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Өзара іс-қимылдың ең өзекті бағыты электрондық кітапханаларды құру және дамыту, құжаттардың электрондық көшірмелерімен алмасуды жүзеге асыру болып айқындалды. Тараптар сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізуді ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының бірлескен ғылыми және мәдени жобаларын жүзеге асыруда ақпараттық қолдау көрсетеді, бірлескен зерттеу, баспа және басқа да бастамаларды жүзеге асыру үшін ұсыныстар дайындайды және енгізеді.