СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘМС САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕЛУІ ТУРАЛЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘМС САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕЛУІ ТУРАЛЫ

Құрметті студенттер!

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпаратына сәйкес, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жүрген азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі - МӘМС) жарналар мемлекет тарапынан жүзеге асырылады («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 26-бабының 1-тармағының 13-тармақшасы).

Алайда, шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алып жұрген студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ) ақпараттық жүйесінде жоқ, өйткені аталған санаттағы тұлғалар Қазақстан аумағында студент ретінде тіркелмеген. Бұл ретте, оларға МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу қолжетімсіз болып табылады.

Сонымен қатар, студент мәртебесін өзектендіру үшін БҒМ 2020 жылдың қазан айында egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша қызметті әзірледі.

Осылайша, қазақстандық студенттер egov.kz электрондық үкімет порталында «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде оқуын растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) қоса жолдау арқылы өтініш берулері қажет.