МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ! САЙЛАУ-2021

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ! САЙЛАУ-2021

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!


2021 жылғы 10 қаңтарда (Минск уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін)  Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы консулдығы  жанындағы №298 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

 

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы консулдығы жанындағы №298 сайлау учаскесіндегі (Брест қ., Крупская көш., 5) сайлаушылар тізіміне болу Беларусь Республикасының Брест және Гродно облыстарда уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Беларусь Республикасының Брест және Гродно аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) brest@mfa.kz; brest-consul@tut.by   электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+375 162 58 35 00; + 375 33 308 05 25 (Вайбер, Ватсап, Телеграм)