2020 жылы 14 қыркүйекте Минскте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған «дөңгелек үстелге» қатысты.
Қазақстанның Беларусьтағы Елшілігімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ТМД-дағы Тұрақты өкілетті өкілдері қатысты.
Қазақстанның Беларусьтағы Елшісі Асқар Бейсенбаев өз баяндамасында
қатысушыларға Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі болып жатқан үдерістерге деген қызығушылығы үшін алғыс білдірді. Елші 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы жарияланғаны туралы хабарлады.
А.Бейсенбаев жолдаудың мемлекеттік басқару, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы салаларындағы негізгі міндеттері туралы айтып өтті. Жолдаудың негізгі басымдықтары әлеуметтік әл-ауқат, адами капиталды дамыту және халықтың осал топтарын қолдау болып табылатындығына баса айтты.
Қатысушыларды жыл сайынғы Жолдаудың негізгі аспектілерімен таныстыра келе, А.Бейсенбаев қазақстандық қоғам алдында жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті. Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік мәселелерді шешуге, адам ресурстарын дамытуға, инновациялық тәсілдерді енгізуге, жаңа өндірістер құру үшін артықшылықтарды пайдалануға және жалпы дағдарыстан кейінгі дамудың сенімді негізін қалауға ерекше көңіл бөлінген.
Өз кезегінде ТМД-ның Жарғылық және басқа органдарының жанындағы Ресей Федерациясының Тұрақты өкілі Андрей Грозов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық диалог құру, дамыған экономиканы құру, халықты әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған бастамаларына ерекше назар аударды. Президент Қ.Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевтың бағытын жалғастыра отырып, елдің одан әрі табысты дамуын қамтамасыз ететіндігі туралы атап өтілді.
ТМД-ның Жарғылық және басқа органдарының жанындағы Өзбекстан Республикасының Тұрақты өкілетті өкілі Насирджан Юсупов Жолдауда ел өмірінің айрықша маңызды аспектілері көтерілетінін атап өтті. Халықтың пікірі мемлекеттік саясатты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға шақыру қоғамның қолдауын табатыны туралы сенім білдірді.
Әзірбайжан Республикасының Тұрақты өкілетті өкілі Латиф Гандилов Жолдауды айқын, ерекше және батыл деп атады. Қазақстан Президентінің сөзінде күрделі экономикалық проблемаларды анық ұғыну және шынайы экономика секторын реформалауға ұмтылысы байқалады.
Қырғызстан Республикасының Тұрақты өкілетті өкілі Эрмек Ибраимов Қазақстанда Президенттің төрағалығымен Қоғамдық сенім кеңесінің құрылуының маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл әр адам сындарлы ойын айта алатын, қоғам мен билік арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін тәсіл.
Кездесуді қорытындылай келе, «дөңгелек үстелге» қатысушылар Президент Қ.Тоқаевтың бастамаларын іске асыру Қазақстанның ХХІ ғасыр мемлекеті ретінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналғаны туралы және бүгінгі геосаяси турбуленттілік жағдайында Еуразия аймағының тұрақтылығын сақтауға өз үлесін қосатынына сенімділігі туралы ортақ пікірге келді.