
2020 жылғы 2 қазанда ҚР Брест қаласындағы Консулы Айдар Шалбаев Брест Қалалық Атқару Комитетінің төрағасы Александр Рогачукпен кездесу өткізді.
Қазақстандық дипломат екі ел ынтымақтастығының стратегиялық сипатын және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мен тереңдетуге өзара мүдделілікті атап өтті. Қазақстан Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды.
Өз кезегінде Брест қалалық атқару комитетінің төрағасы өз құзыреті шеңберінде екі елдің ынтымақтастығына барынша ықпал ететініне сендірді және ҚР консулына оның дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі достық пен одақтастықтың жарқын үлгісі болып табылатынын және осы тұрғыда Брестте жоспарланған үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.