Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық 2024 жылғы 14 қарашада ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтің Беларуське жұмыс сапары барысында екі елдің бейінді министрлері бекіткен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен БР Мәдениет министрлігі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан өкілдері мәдени және көрме-жәрмеңкелік іс-шараларға, оның ішінде Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне, «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестиваліне және Минск халықаралық «Листапад» кинофестиваліне және т. б. тұрақты түрде қатысады.

2025 ж. 12 наурызда ҚР-дың Беларусьтегі Елшілігі БР Ақпарат министрлігімен бірлесіп, XXXII Минск Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында «Қазақстан – Беларусь: Достық меридиандары» тақырыбында ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің ұжымдық стендінің қазақстандық бөлігінің тұсаукесерін өткізді. Көрме-жәрмеңкенің, кітап көрмелерінің, пікірталас және презентация алаңдарының басты тақырыбы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы болды.

2025 ж. 26 сәуірде Елшілік Минск қаласындағы № 5 балалар үйінде «Наурыз мейрамы» қайырымдылық акциясын өткізді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін арқан тарту, «асық ату» және т.б. қоса алғанда, ұлттық ойындарға арналған интерактивті алаң ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында ұлттық тағамдары бар дәстүрлі дастархан жайылып, оның басты асы үлкен қазанда отта дайындалған палау болды.

2025 жылғы 18 маусымда Беларусь ұлттық техникалық университетінде (БНТУ) Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

2025 ж. 8-14 шілдеде өткен «Витебскідегі Славян базары» XXXIV халықаралық өнер фестивалінде» «Витебск 2025» Эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық байқауының «Алтын лира» Гран-приін Жетісу облысының әншісі Алмагүл Батталиева иеленсе, «Витебск 2025» XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында бірінші орынды Алматы облысының жас әншісі Мирас Нағашыбай иеленді.

2025 ж. 14-18 шілдеде Беларуське Қазақстан кинематографистер лигасының басшылығы, сондай-ақ а.ж. 17 шілдеде Могилев қаласының «Родина» кинотеатрында тұсауы кесілген «Шатыр астындағы азаматтар» қазақстандық дебюттік фильмінің режиссері Гүлшат Смағұлова келді.

2025 ж. 7 тамызда Минскіде «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы» қоғамдық бірлестігі тіркелді. Оның мақсаты мәдени, рухани және тарихи мұраны жаңғырту, қазақтардың ұлттық салт-дәстүрлерін сақтау және көбейту және т.б. «Достар» басшысы - Лысенко Марианна Сәуленбекқызы (2004 жылы ұйымдастырылған «Атамекен» қазақтардың халықаралық қоғамдық ұйымы 2023 жылы жұмысын тоқтатты).

2025 ж. 26 тамызда Минск қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің көрмесі салтанатты түрде ашылып, кейіннен бір ай бойы көрме өткізілді.

2025 ж. 8 қыркүйекте Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Брест қаласында өткен «Белая Вежа» халықаралық театр фестивалінде «Ұлпан» спектаклін сәтті ұсынды.

2025 ж. 30 қыркүйегінде Минскіде «Соғыс пен Құдай анадан туған» кітабының тұсаукесері өтті. Басылым ҚР МАМ, Қазақстан және Беларусь жазушылар одақтары, Беларусь мемлекеттік мұрағаты - әдебиет және өнер мұражайы, Беларусь әдебиеті тарихының мемлекеттік мұражайы және Якуб Колас мемлекеттік әдеби-мемориалдық музейінің бірлескен жобасының нәтижесі болып табылады.

2025 ж. 2-3 қазанда Минск қаласында өткен «Еуразия. DOC» ТМД елдерінің деректі фильмдерінің фестивалінде қазақстандық режиссер М.Ашилованың «Көп қырлы Алтай фильмі» үздік операторлық жұмысы үшін диплом алды.

XXXI Минск халықаралық «Лістапад» кинофестивалі аясында (2025 ж. 31 қазан - 7 қараша) Елшіліктің қолдауымен 6 қарашада Қазақстан кинематографиясы күні барысында аты аңызға айналған вокалдық-аспаптық ансамбль «Дос-Мұқасанға» тобына арналған «Дос-Мұқасан» музыкалық драмасының көрсетілімі өтті.  

19, 20 және 26 қарашада Минскіде аншлагпен қазақ киносының күндері өтті. Минсктің «Победа» кинотеатрында «Балуан. Қажымұқан – әлем чемпионы», «Патриоттар уақыты» (фильмді Беларусь көрерменіне режиссер Серікбол Өтепбергенов таныстырды) және «Алматы, мен сені сүйемін!» көркем фильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды.  

2025 ж. 17 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай Елшілікте Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған концерт өтті. Концертке мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, БР-дегі қазақ диаспорасының өкілдері, елде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылды. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі және Шымкент филармониясының солистері Санат Әбілхан мен Нематилло Зкруллаев Қазақ ұлттық мәдениетінің, қазақ халық әндері мен күйлерінің, көрнекті қайраткерлерінің шығармаларынан концерттік бағдарлама ұсынды.

2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Беларусьті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

2025 ж. 9 шілдесінде Гомель облысының №8 Мозырь орта мектебіне Павлодар облысының тумасы, Кеңес Одағының батыры Михаил Катаевтың есімін беру рәсімі өтті.

2025 жылы Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Елшілігі 9 қазақстандық отбасына Беларусьте Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан аталары мен арғы аталары жерленген бауырлас қабірлерге барып, тағзым жасауға қолғабыс көрсетті.

2026 ж. 10 қаңтарда қазақстандық әнші Ақерке Амалят «Вокал» номинациясында «Витебскідегі Арт-Парад» VII ашық фестивалінің Гран-приін жеңіп алып, «Витебскідегі Славян базары» XXXV халықаралық өнер фестиваліне шақыру алды (шілде 2026 ж.).

 

Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда.

2009 ж.10 маусымдағы ҚР және БР Үкіметтері арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде бакалавриат (3 орын), магистратура (2 орын) және докторантура (1 орын) бағдарламалары бойынша студенттермен жыл сайынғы баламалы алмасу көзделген.

2026 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Беларусь жоғары оқу орындарында 201 Қазақстан азаматы оқыды. Қазақстандық студенттер техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алады.

ҚР және БР жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында ғылыми-білім беру консорциумы жұмыс істейді.

2025 жылғы 4 қарашада Беларусь ұлттық техникалық университетінде (БНТУ) консорциум қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының X отырысы өтті. Оған Қазақстан мен Беларусьтің бейінді министрліктерінің өкілдері, екі елдің жоғары оқу орындарының басшылығы мен дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша консорциумға Қазақстанның төрт жоғары оқу орны және бір Беларусь университеті енгізілді. Консорциумға қатысушылардың жалпы санын 32 қазақстандық  және 35 белорус жоғары білім беру мекемелері мен ғылыми-зерттеу институттары құрайды.

2025 ж. 5 қараша М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде (БМПУ) «Қазақстанның ғылыми және білім беру жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Оқу тағылымдамалары мен ғылыми-зерттеу жобалары бойынша тәжірибе алмасу өтті. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларының перспективаларын талқылады, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыс саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілікті атап өтті.

2025 ж. 5 қарашада БМПУ-де Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығына көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімін берудің салтанатты рәсімі өтті. Бұл Орталық 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.

Қазақстан мен Беларусь дене шынықтыру және спорт саласында белсенді өзара іс-қимыл жасасады.

2025 жылы екі ел спортшыларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.

13-15 ақпан аралығында Минск қаласында әйелдер арасындағы күрестен «А.В. Медведевті еске алу Гран-приі» халықаралық турнирі өтті.

16-23 ақпан Минск қаласында әйелдер арасында күрес бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті.

22 ақпан-14 наурыз Брест қаласында-суға секіру бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті.

19 сәуірде Санкт-Петербург қаласында «Дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту» этноспорт бойынша 7-ші халықаралық форум аясында ҚР Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосыновтың БР Спорт және туризм министрі С.Ковальчукпен кездесуі өтті.

5 маусымда Минск облысының Борисов қаласында ҚР және БР ұлттық құрамалары арасында футболдан жолдастық матч өтті (есеп 1:4).

8-16 шілдеде Қазақстаннан келген команда «Зубренок» ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығында жас өрт сөндіруші - құтқарушылардың ХVIII халықаралық слетіне қатысты. Іс- шараларға Беларусь, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстан өкілдері де қатысты (әр командада 7 адам - 5 ұл және 2 қыз 12-16 жаста).

22 қыркүйекте Минскіде «Барыс» және жергілікті «Динамо» командалары арасында ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчы өтті (есеп 0:1).

19-23 қарашада Минскіде өткен әлемнің 11 елінен 500 спортшының қатысуымен өткен «Strongest Athletes Swimming Cup» жарысында қазақстандық жүзуші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалымжан Балабек 200 м еркін стильде Қазақстан рекордын жаңартып, кубок көшбасшыларының үштігіне енді.

5-7 желтоқсанда Минскіде U16 қазақстандық ерлер құрама командасы Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан және Ресей құрамаларының қатысуымен өткен U16 ұлдар мен қыздардың 8 командасы арасында бұрынғы Спорт және туризм министрі, Беларусь ҰОК бірінші басшысы В.Рыженковты еске алуға арналған баскетболдан XXVII халықаралық турнирде үшінші орынға ие болды.

2026 жылғы 31 қаңтарда Australian Open – 2026 «Үлкен дулыға» турнирінің финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің алғашқы ракеткасы, белорус теннисшісі Арина Соболенконы жеңді.

 

Қазақстан мен Беларусь туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың елеулі әлеуетіне ие.

2025 жылғы 26 қыркүйекте Минск қаласында Елшілік Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған «Қазіргі жағдайдағы туризмді дамыту перспективалары: әлемдік үрдістер мен өңірлік контексттер» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференция аясында «Қазақстанның экомаршруттары бойынша саяхат» презентациясы өткізіліп, оның барысында бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдени мұрасы бар еліміздегі экотуризм мүмкіндіктері ұсынылды.

Алматыдан Минскіге «СКАТ» (2025 ж. 10 тамыздан бастап) және «Белавия» (2025 ж. 18 желтоқсаннан бастап) авиакомпанияларының тікелей рейстерін іске қосу екі елдің саяхатшылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Дата публикации
16 июня 2020
Дата обновления
15 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
06 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
06 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары