|
Визалық сұрақтар:
|
- виза қажет емес
- Қазақстан мен Беларусь арасында визасыз режим қолданылады
- 2013 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы Кeлiciмге сәйкес Екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бip Тараптың азаматтары болатын Тараптың құзыретті органдарында олар кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.
- Көрсетілген уақытша болу мерзімі болатын Тараптың аумағына кipу кезінде қойылған шекара қызметі органдарының белгісі бар көші-қон картасымен расталған бip Тарап азаматының екінші Тараптың аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.
- Бip Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, аталған азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.
- Жарамды құжаттар: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі, қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін).
|
|
Паспорттың жарамдылығы:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..
|
|
Кедендік бақылау:
|
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
«Туристі міндетті сақтандыру туралы»
|
|
Эпидемиялық ахуал:
|
|
|
Қалыптасқан тәртіп нормалары:
|
- Беларуссияда болған кезде Сізге оның заңдары қолданылады ("Шетелдік азаматтардың және Беларусь Республикасында азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы" РБ Заңы, жол қозғалысы ережелерін және т.б.) қатаң сақтауға міндетті, болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды.
- Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз.
- Шет тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді және оны жергілікті тұрғындар да құптайды.
- Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси жағдай, климаттық жағдайлар, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері.
|
|
Пайдалы ақпарат:
|
- Мобильді карталарды алдын ала орнату – Яндекс карталары, яндекс навигаторы және Яндекс Go.
- Электрондық төлем жүйелерінің ерекшеліктері – Apple pay.
- Банк карталарының ерекшеліктері-Visa.
- Келген кезде СИМ-картаны сатып алу немесе роумингті алдын ала қосу қажеттілігі.
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға, соттылықтың болмауы туралы анықтама (егер Беларусь аумағында тұруға ықтиярхат ресімдеген жағдайда) қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|