Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-қараша айларында айтарлықтай өсіп, 1,04 млрд. долл. (+21,56%) жетті. Қазақстанның Беларуське экспорты 247,1 млн. долл. (+54,3%), ал Беларусьтен импорт - 794,9 млн. долл. (+14,1%) құрады.

Аталған кезеңде Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар; жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары; металдар мен олардан жасалған бұйымдар; тоқыма және тоқыма бұйымдары; химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері және т. б. болды.

Беларусьтен негізгі импорттық тауарлар - жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары; машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар; химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері; ағаш, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары және т. б.

2024 жылы жалпы тауар айналымы 900 млн. долл. (-5,1%) болды: экспорт - 154,9 млн. долл. (-15,6%), импорт - 745,1 млн. долл. (-2,6%).

2023 жылы жалпы тауар айналымы 948,3 млн. долл. (-13,2%) құрады: экспорт - 183,5 млн. долл. (-1,6%), импорт 764,8 млн. долл. (-15,5%).

Екіжақты қатынастарды дамытудың негізгі құралы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) болып табылады. Бұл механизм 1996 жылдан бастап бірлескен жобаларды үйлестіру және сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді өзара іс-қимылды кеңейту арқылы елдер арасындағы әріптестікті нығайтуда маңызды рөл атқарды.

2025 жылғы 22 қазанда Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Скляр мен БР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Н.Снопковтың төрағалығымен ҮАК-тың 19-шы отырысы өтті. Отырыстың қорытынды хаттамасында өнеркәсіптік кооперация мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластықтар бекітілген.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырудың тиімді тетіктерінің бірі Қазақстан-Беларусь Іскерлік кеңесі болып табылады. 2025 жылғы 4-5 қарашада БР Премьер-Министрі А.Турчиннің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Іскерлік кеңестің 5-ші отырысы өтті. Оның барысында 160 млн. долл. сомасына келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстан мен Беларусь арасында жыл сайын өтетін және экономикадан көлік пен ауыл шаруашылығына дейінгі екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қамтитын кіші комиссиялар мен аралас комиссиялар сияқты форматтар жұмыс істейді.

Бүгінде Тараптар 2025-2029 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы ҚР және БР үкіметтері арасындағы іс-шаралар бағдарламасын (Жол картасын) іске асыруда (14.11.2024 ж. қол қойылған). Ол өндірістік кооперацияны дамытуға, бірлескен өндірістер құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Өнеркәсіптік кооперация екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Бүгінгі таңда шамамен 1,7 мың жұмыс орнын құрумен 204 млн. (60,1 млрд. теңге) тұратын 12 жоба жүзеге асырылуда.

Тікелей әуе қатынасын толыққанды қалпына келтіру маңызды жетістік болды.       2025 ж. 10 тамыздан бастап SCAT қазақстандық авиакомпаниясы Алматы-Минск-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет рейстерді орындайды. 2025 ж. 18 желтоқсаннан бастап «Белавия» Минск – Алматы – Минск бағыты бойынша аптасына 2 рет ұшуды бастады. Бұл іскерлік, туристік және гуманитарлық алмасулардың өсуіне берік негіз жасайды.

2025 ж. 18-20 қарашада Үкімет басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрі А.Шакқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Беларуське сапары өтт. Онда ол БР Премьер-министрі А. Турчинмен кездесу өткізді. Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі А.Карповичпен келіссөздер жүргізілді, кездесу қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды. Хаттаманың негізгі тармақтары - Беларусь әмбебап тауар биржасы (БӘТБ) арқылы сатып алуды ұлғайту; ҚР мен БР арасындағы тауар айналымын ұлғайту мақсатында резидент емес қазақстандық брокерлерді аккредиттеу жұмыстарын жандандыру; алкоголь және басқа да тұтыну өнімдерін өзара жеткізу; екі елдің кәсіпорындары арасында тікелей байланыс орнату және «сауда үйлері» сияқты бірлескен құрылымдар құру; сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі іс-шаралар жоспарын («Жол картасын») өзектендіру.

Сапар барысында үкіметтік делегация тәжірибе алмасуға, қазақстандық компанияларды биржалық сауда-саттыққа қосуға және электрондық сауданы дамытуға бағытталған «QazTrade» АҚ мен БӘТБ арасында келісімге қол қойды.

«QazTrade» АҚ мен Беларусь ұлттық маркетинг орталығы арасында Сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, маркетингте тәжірибе алмасу және тауарларды үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп жылжыту жөніндегі Тараптардың ниеттерін бекітетін меморандум жасалды.

Сонымен қатар, сапар аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды. Беларусь серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдер жасалды. Атап айтқанда, «АстанаИнжКомСтрой» «Изоком Пласт» ЖШҚ-мен тауарларды жеткізу және Қазақстанда арматураланған құбырлардың бірлескен өндірісін іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы «ПраймФортГрупп» ЖШҚ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ қауымдастық мүшелерінің өнімдерін 5 млн. долл. көлеміне сатып алу туралы «Дала сыйлықтары плюс» ЖШҚ-мен сауда келісіміне қол қойды. «ARBA WINE» өкілдері «Бульбашъ» зауытының басшылығымен қазақстандық шарапты жеткізу туралы келіссөздер жүргізді.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі А.Шакқалиевтің Беларуське сапарының қорытындысы бойынша тапсырмаларды іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 14 қаңтарда Минскіде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы «Сауда үйі» ретінде әрекет ететін «БелКазТрейд» ЖШС ашылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары