
Бразилиа, 2025 жылғы 14 қаңтар - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «AMAZUL» мемлекеттік компаниясының Президенті Нютон Альмейда Коста Нетамен кездесу өткізді.
Келіссөздердің күн тәртібіне атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық, технологияалмасулармен алмасу, консалтинг және ғылыми-техникалық алмасу мәселелері енгізілді. Тараптар Бразилияның атом электр станциялары үшін қазақстандық уранды жеткізу бойынша екі елдің ұзақ мерзімді және табысты өзара іс-қимылының барын атап өтті.
Қазақстан елшісі өз кезегінде әңгімелесушіні ҚР-дағы атом өнеркәсібін дамытуды және елдегі алғашқы атом электр станциясының алдағы құрылысын қоса алғанда, елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті. Осы тұрғыда Бразилиялық тарапқа «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-мен ынтымақтастықтың өзара қызығушылық тудыратын бірқатар бағыттары бойынша сұхбат орантуға ұсынылып, қазақстандық және бразилиялық мамандар деңгейінде нақты келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама: «Amazul» компаниясы 2013 жылы Бразилияның атомды бейбіт мақсатта пайдалану бағдарламасы аясында ұлттық жобаларды ілгерілету мақсатында құрылды. "Amazul" мақсаты адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа ядролық технологияларды пайдалану болып табылады. Компанияның Штаб-пәтері Сан-Паулу қаласында орналасқан, қызметкерлер саны шамамен 2000 адамды құрайды.