Бразилия СІМ-інде екіжақты ынтымақтастықтың «сағаттары теңестірілді»

Бразилия СІМ-інде екіжақты ынтымақтастықтың «сағаттары теңестірілді»

Бразилиа, 2025 жылғы 14 қаңтар - Бразилия СІМ-інде Қазақстан Елшісі Болат Нүсіповтың жетекшілік етуші Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдуардо Пайес Сабоямен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, ағымдағы жылы ықпалдасу жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, кездесудің күн тәртібіне халықаралық алаңдарда ықпалдастық, өзара сапарларды ұйымдастыру, кезекті СІМ-аралық саяси консультациялар өткізу және парламентаралық диалогты нығайту мәселелері кірді. Келіссөздер барысында екі мемлекет арасындағы шарт-құқықтық базаны кеңейтуге қатысты пікір алмасылды.

Осы жылы Бразилия екі ірі халықаралық бірлестікке, атап айтқанда, БРИКС пен СОР30 БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына төрағалық етеді. Осыған орай, тараптар, тұрақты жұмыс байланыстарын сақтауға және аталған халықаралық ұйымдар аясында екі елдің ықпалдастығына қатысты ақпаратпен алмасуға уағдаласты.