
Бразилиа, 2024 ж. 20 желтоқсан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «Savana Sementes» компаниясының Президенті Лусиано Феррермен Қазақстанның Мату Гросу-ду-Сул штатындағы Құрметті консулы Алипио Оливейраның қатысуымен онлайн кездесу өткізді.
Тараптар ү.ж. 10 қазанда Порту-Алегриде өткен «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы барысында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында бразилиялық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстанда биологиялық соя өсіру жобасының барысын талқылады.
Бразилия тарапы жобаның техникалық және құқықтық мәселелерін шешу үшін Қазақстанға сапар жасау жоспарлары жайында хабардар етті. Қазақстан Елшісі өз кезегінде компанияға жобаны жүзеге асыруда сәттілік тілей отырып және Елшілік тарапынан толық жәрдемдесуге әзірлігін растап, компания басшысын 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қонаев қаласында өтетін «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысуға шақырды.