Чили компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасы талқыланды

Чили компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасы талқыланды

Бразилиа, 2024 жылғы 20 желтоқсан – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов чилилік «ME Elecmetal» компаниясының атқарушы директоры Евгенио Артегамен онлайн кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар компанияның Қазақстанда болатты ұнтақтау денелерін (шарлар) өндіру жөніндегі инвестициялық жобасын іске асырудың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады.

Чили тарапы компанияны ҚР-да заңды тұлға ретінде тіркеу барысы, жергілікті атқарушы органдармен жобаны жергіліктендіру, мемлекеттік жеңілдіктер алу бойынша келіссөздер, сондай-ақ қазақстандық тараппен «off take» шарттарын жасау бойынша сәтті келіссөздер туралы хабардар етті.

ҚР Елшісі чилилік компанияға жобаны жүзеге асыруда сәттілік тілеп, Елшіліктің жан-жақты көмегін көрсетуге дайын екенін растап, компания өкілдерін 2025 ж. Астана қаласында сәуір айында өтетін Машина жасаушылардың халықаралық форумына және мамырда болатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды (АХФ).