Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилия, 2024 жылғы 15 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «Grupo Sabin» компаниясының Президенті Лидия Абдалламен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар компанияның Қазақстанмен ынтымақтастығын құру мүмкіндігін талқылады. Атап айтқанда, Бразилия тарапына денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект технологиясын әзірлеу бойынша «FORUS DATA» қазақстандық жобасы таныстырылды. Жоба онкологиялық және ерекше аурулардың ерте алдын алу және оған диагностика жасау жүйесін пайдалануды көздейді. Жүйенің негізгі шешімдерінің бірі – «LungCancerCT» бағдарламасы - өкпенің қатерлі ісігінің ерте сатысында анықталуын 2,4 есе арттырады және диагностикадан емдеуге дейінгі процесті жылдамдатады.

«Grupo Sabin» Президенті ұсынылған жобаның тиімділігіне жоғары баға беріп, Қазақстанның медициналық мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді. Тараптар жақын арада мамандардың қатысуымен онлайн-конференция өткізуге келісті

«Grupo Sabin» компаниясы 40 жылдан астам уақыт бұрын құрылған және диагностикалық медицина сегментіндегі Латын Америкасындағы алғашқы ұйым болып табылады. Оның жылына 7 млн. астам клиентке қызмет көрсететін бірнеше мың қызметкері бар. Бразилияда елдің барлық федералды штаттарында осы компанияның 350 сервистік бөлімшесі жұмыс істейді.