
Бразилиa, 2024 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Парламенті Ұлттық Конгресінің депутаты, парламенттік достық тобының жетекшісі Клаудио Қажадумен кездесті.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап саяси, экономикалық және мәдени салалардағы кейбір бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасты
Қазақстан Елшісі депутатты Мемлекет басшының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, парламенттік дипломатияның екі ел арасындағы саяси диалогты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті
Кездесу барысында 2024 жылдың қарашасында екі ел парламенттерінің төменгі палаталарында «Қазақстан-Бразилия» достық топтарының бірінші отырысына қатысу үшін Клаудио Қажаду бастаған парламенттік делегацияның Астанаға алдағы сапарын ұйымдастыру мәселеріне басты назар аударылды.