Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі
Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдардың) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуіне санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін уақытша шектеулер енгізіледі, мыналарды қоспағанда ҚР мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының шақыруымен медициналық жәрдем көрсету мақсатында, сондай-ақ, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмегі шеңберінде Қазақстанға келетін шетелдік медициналық персоналға (1/32).
Қазақстандық өткізу пункттерінде орналасқан көліктік логистикалық орталықтарына баратын халықаралық жүк тасымалдаушы жүргізуші – Қытай Халық Республикасы азаматтарына 24-сағаттық визасыз кіріп-шығуға рұқсат беріледі (7).