
Сантьяго, 2024 жылғы 23 шілде – ҚР-дың Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Сантьягоға жұмыс сапары аясында чилилік «ME Elecmetal» компаниясының атқарушы директоры Евгения Артеагамен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар чилилік компанияның Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асырудың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Чили тарапы жасалып жатқан қадамдар, осы бағыттағы ағымдағы келісімдер туралы баяндап, Қазақстан Республикасында металл шарлар (ұнтақ бөлшектер) өндірісін іске қосу жоспарларымен бөлісті.
Қазақстан Елшісі өз кезегінде сұхбаттасушыны шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен қысқаша таныстырып, компанияға жобаны жүзеге асыруда сәттілік тілей отырып, Елшілік тарапынан қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін білдірді.
Металл шарлар шығаратын зауыт құрылысының жобасы 2022 жылы Астанада «Kazakh Invest» ҰК мен чилилік «ME Elecmetal» компаниясы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.