
Бразилиа, 2024 жылғы 12 шілде – «Қазақ тілі мен әдебиеті достарының клубында» Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі жанындағы «Бірегей Қазақстан - тарих, мәдениет, табиғат, адамдар мен дәстүрлер» ақпараттық жобасының тұсаукесері өтті.
Бұл жоба Бразилияда алдағы бірнеше ай бойы онлайн-форматта ұсынылатын болады. Жоба Қазақстанның тарихынан, дәстүрлерінен және табиғи көрікті жерлерінен түрлі-түсті фотосуреттер мен бейнероликтермен сүйемелденетін кейбір қызықты фактілерді жариялау сериясын көздейді. Іс-шаралар Қазақстан Елшілігі «Қазақстан-Бразилия» Достық форумымен және Бразилия Федералды университетімен бірлесіп, ортақ ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып ұйымдастырылды.
«Алтайдан Каспийге дейін: Қазақстанның табиғи байлығы» фотокөрмесімен және Астанадағы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының тұсаукесерімен сүйемелденген тұсаукесерге «Қазақстан-Бразилия» Достық Форумының мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері, қазақстандық және бразилиялық студенттер қатысты. Кездесуге қатысушылар бір-бірін қызықтырған мәселелер бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік алды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті достарының клубы» ағымдағы жылдың наурызында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің жанынан қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, қазақ халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу үшін ашылған болатын. Клубтың көмегімен жыл соңына дейін мемлекеттік тілдің бастапқы онлайн-курстарын бастау және басқа да бірқатар танымдық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.