Өңірлік ынтымақтастық талқыланды

Өңірлік ынтымақтастық талқыланды

Бразилиа, 2024 жылғы 12 маусым - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне Амапа штаты үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі хатшысы Азиель Араужо сыпайылық жүздесуге келді.

Қазақстан Елшісі Болат Нүсіповпен кездесу барысында Қазақстан мен бразилиялық штат арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты құру мәселелері талқыланды. Тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісіндегі ықпалдастық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Қонаққа ҚР-дың инвестициялық және сауда мүмкіндіктері таныстырылды. А.Араужо өз тарапынан сауда-экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екендігін атап өтіп, өз штатының басым бизнес-жобалары мен екіжақты сауда бірлестіктері үшін мүмкіндіктерді ұсынып, Қазақстан Елшісін өңірдің басшылығы және іскер топтарымен кездесу үшін штат астанасы Макапа қаласына келуге шақырды.