
Буэнос Айрес, 2024 жылғы 5 маусым- Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Аргентина астанасына сапары кезінде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің «DQFC Argentina» фан-клубының белсенділерімен кездесті. Әлемге әйгілі қазақстандық әншінің бұл аргентиналық жанкүйер клубы Д.Құдайбергеннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау бойынша үнемі имидждік акцияларды өткізіп, қазақстандық спортшылар қатысатын түрлі мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысады.
Мәселен, Аргентинада Д.Құдайбергеннің әндері тәулік бойы таратылатын және түрлі викториналар мен таныстырылымдар өткізілетін арнайы радиоарна құрылды. Аргентина фан-клубы Росарио қаласында Қазақстан Республикасы алаңының ашылу салтанатында флешмоб ұйымдастырып, Қазақстан мен Аргентина құрамаларының арасындағы Дэвис кубогының іріктеу ойынында қазақстандық жанкүйерлер ретінде қатысты.
Кездесу барысында аргентиналық қонақтар ҚР Елшісін «DQFC Argentina» фан-клубының жаңа жобасының жүзеге асырылуымен таныстырды. Атап айтқанда, жуырда Буэнос-Айрес қаласының орталық көшесінің билбордтарында Димаш Құдайбергеннің бейнежарнамалары көрсетілді Бұл жоба қазақстандық әншінің шығармашылығын ілгерілету челленджінің аясында асырылды және оның 30 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Қазақстандық дипломат, өз тарапынан Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне еліміздің мәдениеті мен имиджін ілгерілетуге қосқан қызығушылықтары мен үлестері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Росариодағы қазақ мәдени орталығының алаңын пайдалана отырып, Буэнос-Айрес және Росарио қалаларындағы Қазақстанның Құрметті консулдықтарымен тығыз ынтымақтастық құруға шақырды.