
Бразилиа, 2024 жылғы 31 мамыр – ҚР Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиялық электр жабдықтарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы «WEG» компаниясының Басқарушы директоры - Сергей Мущенкомен онлайн келіссөздер жүргізді.
Әңгімелесу барысында тараптар электр жабдықтарын өндіру және моторлы редукторларды құрастыру жөніндегі компанияның инвестициялық жобасын одан әрі іске асырудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Бразилиялық тарап, компанияның Қазақстандағы табысты қызметі, инвестициялар көлемі, ашылған жұмыс орындары және өткен жылы Алматы қаласында іске қосылған «WEG» Қызмет көрсету орталығы туралы хабардар етті. Өз кезегінде ҚР елшісі Бразилия тарапына жобаны іске асыруда табыс тілеп, елшілік тарапынан барынша көмек көрсетуге дайын екендігін растады. Тараптар осы жылдың күзінде Бразилиядағы Іскерлік кеңестің үшінші отырысы аясында диалогты жалғастыруға келісті.
Моторлы редукторлар мен электр жетектеріне бастапқы кезеңде көрсетуді көздейтін электр жабдықтарын өндіру және техникалық қызмет моторлы редукторларды құрастыру жобасы 2023 жылы Алматыда «WEG» компаниясының Қызмет көрсету орталығының ашылуымен іске қосылып, кейін олардың өндірісі одан әрі жергіліктендірілетін болады.