Бразилияда қазақстандық соғыс батырларының 100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Бразилияда қазақстандық соғыс батырларының  100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Бразилиа, 24 мамыр 2024 ж. - Атақты кеңестік әрі қазақ қолбасшылары - Кеңес Одағының Батырлары, Қазақстанның «Халық Қаһарманы» аталған халық батырлары Сағадат Нұрмағамбетов (1924-2013) пен Рақымжан Қошқарбаевтың (1924-1988) туғанына 100 жыл толуларына орай Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде «Отанға қызмет ету, Отанды қорғау» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс - шара қазақстандық батырлардың ерлігі, ержүректігі мен өнегесіне арналып, 9 мамыр - Жеңіс Күнін мерекелеуге орайластырылды. Кездесуге «Қазақстан-Бразилия» Достық Форумының мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері және Бразилияда оқитын студенттер қатысты. Кездесу қатысушылары екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өзінің алғы сөзінде Қазақстандықтардың ҰОС-ға қатысуы, олардың жеңіске қосқан лайықты үлесі туралы айтып беріп, сондай-ақ Қазақстан биыл мерейтойын атап өтіп жатқан қазақстандық батырлардың ерліктерін атап өтті. Елші, Қазақстандық әрбір отбасыға әсер еткен соғыс құрбандарының есімдеріне ерекше құрмет көрсетілетініне назар аударды. «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының президенті, бұрынғы сенатор Улиссес Ридель және «Abrajinter» Бразилия журналистер қауымдастығының вице-президенті Милтон Атаназио кеңес халқының нацизмді жеңуге қосқан үлесін және фашистік басқыншыларға қарсы күресте батырлардың ерекше ерлігін жоғары бағалап, Бразилияның Гитлерге қарсы коалицияға қатысуы жайлы баяндап берді.

Бразилиялық баяндамашылар Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні тек тарихи күн және халықтардың бейбітшілік пен прогресс үшін төлеген бағасын еске алу ақырғы күні ғана емес екенін атап өтті. Жеңіс күні сонымен қатар адамзат үшін соңғы болуы ықтимал жаңа қауіптің пайда болуына жол бермеудің алғышарты ретінде де қызмет етеді. Іс - шара барысында ҰОС батырлары мен Қазақстанның Халық қаһармандары - Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі, ерліктері мен жетістіктерінің жекелеген таныстырылымдары ұйымдастырылды. Сондай-ақ қазақстандықтардың ҰОС-ға қатысуы туралы деректі фильм көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасты.