Жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Жасыл технологиялар саласындағы  ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиа, 2024 ж. 20 мамыр – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов "VHB" халықаралық компаниясының президенті Питер Фон Болен Халбахпен кездесу өткізіп, оның барысында Қоршаған ортаны қорғау мен регенеративті энергетика технологиялары саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Еншілес фирма Бразилияның Санта-Катарина штатында орналасқан.

Тараптар, компанияның халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері мен байланыстарын пайдалана отырып, қазақстандық компанияларды Бразилияда іске асырылатын экологиялық жобаларға тартудың перспективалық ықпалдастық жолдарын қарастырды.

Халықаралық компания жасыл технологияларды, көміртекті несиелер мен сертификаттауды енгізу арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды іске асыра отырып, жергілікті билік органдар, өңірлік банктер және ірі энергетикалық концерндермен тығыз ынтымақтасады.