
Бразилиа, 2024 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Омаров Бразилия астанасына сапары барысында Бразилияның Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Фредерико Ламегомен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі тұстарын, сондай-ақ іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстандық дипломат, Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы ретіндегі қызметіне белсенді қатысқаны үшін Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының басшылығына алғысын білдірді.
Тараптар осы жылғы шілдеде Бразилияда өткізілуі көзделген Іскерлік кеңестің кезекті үшінші отырысының күн тәртібін талқылады.