Перуде қазақстандық компанияның IT жобасы жүзеге асырылуда

Перуде қазақстандық компанияның IT жобасы жүзеге асырылуда

Бразилиа, 2024 жылғы 30 сәуір - ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «EasyTap» IT компаниясының басшысы Мағзұм Төлешпен және Қазақстанның Перудегі Құрметті консулы Фреди Саравиямен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық компанияның портфолиосы мен қазіргі уақытта Перуде іске асырылып жатқан және өңірдің барлық мемлекеттері үшін практикалық қызығушылық тудыруы мүмкін IT-жобаның тұсаукесері өтті.

Өз тарапынан ҚР Елшісі кездесуге қатысушыларды Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі басымдықтарымен таныстырып, жобаны іске асыру барысында қазақстандық компанияға барлық көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Тараптар Қазақстанның Перудегі Құрметті консулдығы арқылы диалог пен өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Кездесу соңында Қазақстан Елшісі компания басшылығын осы жылдың 17 мамырда Порту-Алегре қаласында өтетін «Бразилия-Қазақстан» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына қатысуға шақырды.