
Бразилиа, 2024 жылғы 9 сәуір - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Уругвай СІМ-нің Азия, Африка және Океания өңірлік департаментінің директоры, Елші Патрисио Силвамен онлайн форматта келіссөздер жүргізді.
Әңгімелесу барысында тараптар тұрақты саяси диалог пен Қазақстан-Уругвай сауда-экономикалық қатынастарын дамытуда жақсы перспективалардың бар екендігін атап өтті. Бұған екі елдің көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылдары дәлел бола алады. Тараптар өткен жылы толған екіжақты қатынастардың 30 жылдығына орай сыртқы істер министрлерінің құттықтау хаттарымен алмасуын және Уругвай Елшісі Даниэль Кастильос Гоместің Қазақстанда қоса атқаратын Елшісі ретінде ресми аккредиттелуін жоғары бағалады.
Келіссөздердің күн тәртібінде Монтевидео қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Уругвайға сапары шеңберінде алғашқы СІМ-аралық консультацияларды өткізудің, сондай-ақ биыл Уругвай астанасында Қазақстанның алғашқы Құрметті консулдығын ашудың ұйымдастырушылық және мазмұнды аспектілері болды. Тараптар тұрақты жұмыс байланыста болуға келісті.