Биылғы жылы қазақтың бір тума, ғалымы Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл.
Қаныш Сәтбаев – кеңестік геолог, кеңестік металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің негізін салушы. Қазақ халқы мен Қазақстан тарихында академик Қ.Сәтбаев көрнекті геолог және ғылымды ұйымдастырушы, ең алдымен өз заманының аса ірі ойшылы мен жаратылыстанушы ғалымы болды. Қазақстанның өркениетті индустриялық дамуына үлес қосқан ірі қоғам және мемлекет қайраткері, ұтымды саясаткер, қоғамның бейресми көшбасшысы болды.
Қ.Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей облысы, Павлодар ауданында дүниеге келген. Ол жан-жақты дамыған ғалым – тамаша жазушы, тарихшы, ұстаз, математик бола алатын адам еді. Осы орайда атақты жазушы Мұхтар Әуезов: «Қаныштың ұлы қасиеті – химикпен, биологпен, физикпен, дәрігермен, тіпті тарихшы-филологпен олардың ғылыми тілінде сөйлесе алатындығы», – деген екен.
Өзінің сан қырлы қызметінде Қ.Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарымен ғана шектеліп қалмай, геология ғылымының барлық салаларында ауқымды, сан қырлы жұмыстар атқарды. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. Қ.Сәтбаев ғылымды басқарудағы орасан зор ұйымдастырушылық қызметі мен Қазақстанның индустриялық дамуына қамқорлық жасауды өндірістік кешендерге практикалық көмек көрсетумен ұштастырды. Оның бастамасымен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік аймақтарында Ғылым академиясының көшпелі сессиялары өтті. Жаңа академиялық институттар: ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, мұнай және табиғи тұздар химиясы, химия-металлургиясы, тау-кен металлургиясы, ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі ашылды. Өзінің энциклопедиялық білімі осы ұлы ғылым орталықтарын құруда Академия президентіне жеке қатысуға мүмкіндік берді.
Сол кездегі әлі жас Қазақстан Ғылым академиясы өсіп, дамыды. Ғылыми кадрлар қалыптасты. Қ.Сәтбаев дарынды жастарды жан-жақты қолдап, тәрбиелеп отырды. Ол көмір, мұнай, газ, қара металлургия кендерінің жаңа кен орындарын зерттеуге жеке жетекшілік етті.
Академик Қ.Сәтбаевтың қызығушылық аясы әдеттен тыс кең болды және жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен шығып кетті. Ол қазақ тарихының, әдебиетінің, мәдениетінің, этнографиясының, музыкасының, фольклорының үлкен білгірі болып, оның Орталық Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулері, педагогика мен әдебиетке қатысты еңбектері белгілі. Ол М.Әуезовтің «Абай жолы» романының маңызын бірінші болып бағалап, театр, өнер, мәдениет, жастар тәрбиесі туралы көптеген еңбектер қалдырды. Фольклор жинаушы А.Затаевичке 25 халық әнін тапсырды.
Бұл ретте, Қ.Сәтбаевтың, ең әуелі, геология ғылымының ең ірі ғалымы болғанын және болып қала беретінін атап өткен жөн. Қазақстандағы бүкіл ғылымның басшысы, ең алдымен, қазақ геологтар мектебінің басшысы, металлогения ғылымын жасаушылардың бірі ретінде лайықты танылды. Ол артынан ғалымдардың үлкен тобын қалдырып, Қазақстанда металлологтардың тұтас мектебін қалыптастырды.
Академик Қ.Сәтбаев Қазақстанның халықаралық байланыстарының қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық ғалымдардың Ресей, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Гүржістан, Қырғызстан ғалымдарымен ынтымақтастығын нығайтуға және тереңдетуге көп күші мен қуатын жұмсады.
Еліміздің көрнекті ғалымы ретінде Қазақстан ғылымын шетелде таныстырды. Сөйтіп, 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің делегациясы құрамында Англияға барып, ел ғалымдарының атынан лайықты өкілдік етті. Кеңестік парламенттік топтың мүшесі ретінде оны Англия премьер-министрі Этли Уинстон Черчилль қабылдады. 1958 жылы Қ.Сәтбаев өкілді делегация құрамында Қытайда болып, Қытай Халық Республикасының геологиялық конференциясына қатысты.
Қазақстан халқы Қ.Сәтбаевты қатты жақсы көрді. Ол туралы аңыз әңгімелер айтылды, атын ақындар жырға қосты. Қазақстан Республикасының Қаласы, ҚР Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институты, Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты, Жоңғар Алатауының тау шыңы мен мұздығы, минерал, алуан түрлі гүлдер, қалалардағы көшелер мен мектептер Академик Қ.Сәтбаевтың есімімен аталады. Қазіргі уақытта жаратылыстану ғылымдары саласындағы ерекше жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы оның атынан сыйлық тағайындап, Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық қоры құрылды.