Бразилиa, 2024 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов бразилиялық «Grupo Norte» компаниясының бас директоры Лоредана Кочинскимен кездесті.
Әңгімелесу барысында Болат Нүсіпов сұхбаттасын Қазақстандағы қазіргі инвестициялық ахуалмен және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларына ерекше назар аударылды.
Өз тарапынан Лоредана Кочински өз компаниясының мүмкіндіктерімен таныстырып, келешегі зор бизнес жобаларын таныстырып, денсаулық сақтау және білім беру саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделілігін білдірді. Әңгімелесуші Астана халықаралық форумына қатысу ниетін, сондай-ақ Астанада Қазақстан Республикасының тиісті әріптестерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі бразилиялық компания басшылығын ағымдағы жылғы мамырда Порту-Алегри қаласында өтетін «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына қатысуға шақырды.