Наурыз мерекесіне орай ұлттық киімдердің мерекелік көрсетілімі

Наурыз мерекесіне орай ұлттық киімдердің мерекелік көрсетілімі

Бразилиа, 2024 жылғы 22 наурыз – Бразилияда көктемгі Наурыз мейрамы қазақстандық Nomad Threads брендімен Орталық Азия халықтарының жібек матасынан тігілген ұлттық киімдерінің сән көрсетілімімен атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі Дипломатиялық миссиялар басшыларының жұбайлары клубымен (GCCM) бірлесіп ұйымдастырды. Оның құрамына Бразилиядағы шет мемлекеттердің елшілері мен аккредиттелген халықаралық ұйымдары басшыларының жұбайлары арасынан 70-тен астам мүше кіреді.

Жазғы жібек топтамасы Бразилияда көрсету үшін арнайы жасалған және Орталық Азия халықтарына тән қазіргі заманғы тігін өнері мен дизайнының халықтық дәстүрлері мен элементтерінің симбиозының бейнесі болды.

Мереке мен сән көрсетіліміне орай сөйлеген сөзінде GCCM клубының қазіргі президенті, Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің жұбайы Гүлназия Нүсіпова Орталық Азия елдеріндегі Наурызды тойлаудың тарихы мен дәстүрлері туралы айтып, өңірдегі көне ұлттық киім мәдениетімен таныстырды. «Бразилиядағы сән мен дизайнның жаңа Жібек жолы» ұранымен өткен шараға бразилиялық зиялы қауым өкілдері, БАҚ және шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары басшыларының жұбайлары қатысты.

Өте сәнді дизайндағы жібек костюмдер топтамасын көрсетілімі, іс-шара қонақтарының арасында үлкен қызығушылық тудырып, оны көптеген жылы пікірлер дәлелдеп отыр.

 Көрсетілім Елшіліктің балалар тобының «Қамажай» қазақ биімен, сондай-ақ қазақстандық флейташы Әнуар Теміров пен американдық пианист Дженнифер Хемстраның орындауындағы ұлттық музыкалық шығармалармен сүйемелденгенін атап өту қажет. Қазақстан Елшілігінің дәстүрі бойынша шара соңында мәртебелі қонақтардың таңдауына ұлттық дастарханның алуан түрлі тағамдары ұсынылды.