Уругваймен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Уругваймен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиa, 2024 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Шығыс Уругвай Республикасының Ресей Федерациясындағы және ҚР-дағы қоса атқарушы Елшісі Даниэль Рубен Кастильос Гомеспен онлайн-форматта кездесу өткізіп, әріптесін өткен жылдың қазан айында мемлекетіміздің басшысына сенім грамоталарын тапсыруымен және екіжақты қатынастарда өз елінің мүдделерін толыққанды Қазақстанмен таныстырылуның басталуымен құттықтады.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Уругвай арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, екі елдің екіжақты және көпжақты форматтағы табысты ықпалдастығын атап өтті.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында ү.ж 6-7 мамырда Монтевидео қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың сапары шеңберінде саяси консультациялардың бірінші раундын мазмұнды толықтырып, Монтевиде қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашу және екі елдің дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелерін талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімді дайындау мәселелері қаралды. Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстанда ресми аккредиттелген Уругвайдың ресми өкілі ретінде Елші Даниэль Гоместен осы мәселелерге практикалық көмек көрсетуді сұрады.

Уругвай тарапы көрсетілген мерзімде Уругвай астанасында қазақстандық делегацияны қабылдауға дайын екендігін қайта растап, қойылған барлық мәселелерді шешуге дайын екендігін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.