
Бразилиа, 2024 жылғы 28 ақпан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне Параупеба аймағының мэрі Дарси Лерман бастаған Бразилияның Пара штатының экономикалық делегациясы келді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Бразилия мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды. Басты назар тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне аударылды.
Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі қонақты Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы ҚР-дағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі аспектілерімен таныстырып, сондай-ақ ҚР-да шетелдік инвесторларды қолдау тұрғысындағы инвестициялық саясаттың ерекшеліктері жөнінде баяндады.
Дарси Лерман өз кезегінде Қазақстан-Бразилия сауда-экономикалық ынтымақтастығының зор әлеуетін атап өтіп, штаттың басым бизнес жобалары және екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырып, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу барысында өңірдің іскер топтары ү.ж. мамыр айында өтетін «Қазақстан – Бразилия» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына, сондай-ақ ү.ж. маусым айындағы Астана халықаралық форумына қатысу ұсынылды.