
Бразилия, 2024 жылғы 28 ақпан – ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігінде Бразилия Сыртқы істер министрлігінің жауапты департаменті басшылығының қатысуымен Қазақстан, Аргентина, Боливия, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили және Эквадор елшілері мен дипломаттарының үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті. Оның шеңберінде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу болды. Сондай-ақ ҚР-дың болу елі мен қарасты елдері арасындағы ықпалдастығын белсендіру жөніндегі ағымдағы жылғы жоспарлар талқыланды.
Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты оның қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы, Қазақстанның инвестициялары мен сауда-экономикалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ консулдық қызметтер мен жауапкершілік елдеріндегі ҚР Құрметті консулдары желісі бойынша шарттық-құқықтық база мен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларымен таныстырылды.
ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан мен Оңтүстік Америка елдері арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлестері үшін әріптестеріне алғыс айтып, кездесудің осы форматының практикалық маңыздылығын атап өтті. Ол екіжақты және көпжақты диалогтың тиімді арналарын ұйымдастыру, сондай-ақ осы жылы Қазақстанның Бразилия, Аргентина, Чили, Уругвай және Перумен кезекті саяси консультацияларын ұйымдастыру жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында өңір елдерінің үкіметтік және іскер топтарына алдағы жазда өтетін Астана халықаралық форумына қатысу туралы ұсыныс, сондай-ақ тараптар арасындағы инвестицияларды, сауда айналымын және экономикалық ықпалдастықты ұлғайту мақсатында елдеріміз арасында іскерлік кеңестер құру бастамасы айтылды.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі Оңтүстік Америка елдерімен қарым-қатынастағы шешуші рөлін атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогты жан-жақты кеңейтуге және тереңдетуге белсенді жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдіріп, ҚР Елшілігіне көзделген жоспарларды іске асыруда табысқа жетуді тіледі.