«Embraer» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

«Embraer» компаниясымен ынтымақтастық  мәселелері талқыланды

Бразилия, 2024 жылғы 27 ақпан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтің «Embraer» компаниясының Вице-президенті Хосе Педро Табордамен кездесуі өтті.

Қазақстандық дипломат әңгімелесушіні ҚР-дың ағымдағы инвестициялық мүмкіндіктері және оларды жүзеге асыру тетіктері, сондай-ақ транзиттік-көліктік әлеует және «Астана» АХҚО аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерімен қысқаша таныстырды. Хосе Таборда өз кезегінде ҚР-да компанияның сервистік хабын ашу бойынша келіссөздердің үдерісі және Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарлары туралы хабарлады.

          Кездесу барысында Елші Болат Нүсіпов Хосе Педро Таборданы ү.ж. 17 мамырда Порту-Алегри қаласында өтетін «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына және ү.ж. 13-14 маусымда Астана қаласында өтетін Астана Халықаралық Форумына қатысуға шақырды.