Қазақстанның Елшілігі Бразилия астанасының мұқтаж тұрғындарын қолдауға бағытталған гуманитарлық акциясына қатысты

Қазақстанның Елшілігі Бразилия астанасының  мұқтаж тұрғындарын қолдауға бағытталған гуманитарлық акциясына қатысты

Ү.ж. 8 маусымда Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Қайрат Саржанов Бразилиа Федералдық округі әкімшілігінің Халықаралық қатынастар жөніндегі хатшылығының басшысы Рената Зукимге қазақстандық дипломатиялық өкілдік кызметкерлерінің жеке қайырымдылық көмегі негізінде сатып алынған 25 азық-түлік себетін тапсырып, пандемия және оның салдарын жеңуге тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде Бразилия астанасының өкілі «Федералдық округ әкімшілігі мен Елшіліктер бірге коронавирусқа қарсы» атты акциясына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді және азық-түлік өнімдері коронавирус індетінің тұрақты өсуіне байланысты оқшауланған Сейландия және Эструтурал аудандарында тұратын мұқтаж отбасыларға берілетінін атап өтті. Сонымен қатар, Рената Зуким Бразилия астанасының әкімшілігі тарапынан 2018 жылғы қарашада қол қойылған екі елдің астаналары арасындағы Достық пен ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы хаттамаға сәйкес қазақстандық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге қызығушылығын білдірді.