Авиация және әуе қатынастар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Авиация және әуе қатынастар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиа, 2024 жылғы 24 қаңтар – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтың «LATAM» әуе компаниясының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өңірлік директоры Антонио Карппен кездесуі өтті.

Тараптар елімізде енгізілген «Ашық аспан» режимі аясында Қазақстанның жетекші авиакомпаниялары және әуежайларымен ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылап, бұл екі елдің туристері мен бизнесмендерінің өзара ағынының артуына жәрдемдесе алады.

Елші өз кезегінде, сұхбаттасушыны қазақстандық әуежайларды жекешелендіру және ҚР авиатасымалдаушыларының IPO-да қатысу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық, туристік және транзиттік әлеуеттерімен таныстырып, әуе компания басшылығын
ү.ж. маусымда өтетін Астана Халықаралық Форумға қатысуға шақырды.

 Анықтамалық: LATAM Airlines Group S.A. Оңтүстік Американың трансұлттық авиациялық холдингі. 2011 жылы Бразилия, Чили, Колумбия, Эквадор және Перу әуе компанияларын біріктіру арқылы құрылған, штаб-пәтері Сантьягода (Чили) орналасқан. Әуе компаниясының жылдық айналымы 8,5 млрд. доллар (2020 ж.), қызметкерлер саны 40 мыңнан астам адам және 140 әуе кемені (2021 ж.) құрайды. Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа, Еуропаға, Аустралияға және Азияға әуекомпания халықаралық рейстерді жасайды.