Аргентинаның Роcарио қаласында Қазақстан Республикасының туын көтеру рәсімі өтті

Аргентинаның Роcарио қаласында Қазақстан Республикасының туын көтеру рәсімі өтті

Росарио, 2023 жылғы 16 желтоқсан – Росарио қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Аргентина ұлттық туының мемориалдық кешенінде дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының туын көтерудің жыл сайынғы салтанатты рәсімі өтті.

Қазақстандық мәдени орталық пен ҚР Құрметті консулы Густаво Гутиеррес Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігімен (Аргентинада қоса атқарушы) және Росарио қаласының әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырған іс-шараға қалалық әкімшіліктің, қалалық Кеңестің өкілдері, қоғам қайраткерлері, консулдық корпус пен жергілікті БАҚ өкілдері, сондай-ақ осы елде тұратын Қазақстан азаматтары қатысты.

Іс-шара барысында Росарио қаласы әкімшілігінің басшылығы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстан мәдени орталығы мен ҚР Құрметті консулдығының елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы, Қазақстанның Аргентинада танымалдылығын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Биыл Қазақстан мен Аргентина дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде.

Анықтама: 2014 жылдың қараша айында ҚР Елшілігінің қолдауымен Санта-Фе провинциясының ең ірі қаласы және Аргентинаның үшінші орында тұрған Росарио қаласындағы Қазақстандық мәдени орталық (Centro kazajo) ашылды. Орталық Латын Америкасындағы алғашқы және жалғыз мекеме болып табылады.

2021 ж. желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Елшісі Б. Нүсіповтың қатысуымен және Аргентинаның Росарио қаласындағы қазақстандық мәдени орталықтың қолдауымен қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы А.Құнанбайұлы атындағы көшенің, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы» алаңының ресми ашылу салтанаты өтті.