Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилия қ., 2023 жылғы 23 қараша - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов әйгілі «Inspired School» Халықаралық колледждер желісіне кіретін «Eleva» бразилиялық колледждер тобының директоры Лукас Гарсиямен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Елші қонақты Қазақстандағы орта және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің ағымдағы дамуымен, сондай-ақ еліміздегі бірқатар шетелдік және халықаралық оқу орындарының қызметімен таныстырды.

Сондай-ақ, Бразилия колледждерінің бағдарламасын пайдалана отырып, Қазақстанда «Inspired School» халықаралық колледжін ашу мүмкіндігі және португал және испан тілдерін оқытуды күшейту, сондай-ақ Оңтүстік Америка өңірінің елдік ерекшеліктерін зерделеу тұрғысында пікір алмасты. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар «Inspired School» колледжінің халықаралық желісі басшылығының қатысуымен диалогты жалғастыруға келісті.

Ү.ж. Қазақстан мен Бразилия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың  30 жылдығын атап өтуде.