Бразилия тарапымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилия тарапымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилия, 2023 жылғы 30 қазан - Қазақстан Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтың Бразилия ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) Вице-Президенті, Рио-Гранде-де-Сул штатының өнеркәсіп федерациясының (FIERG) президенті Жилберто Петримен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесі шеңберіндегі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің ағымдағы мәртебесі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ келер жылы Бразилияда өтетін Іскерлік кеңестің үшінші отырысының мерзімдері мен мазмұндық толықтырылуы бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, Жилберто Петри Елшіні Бразилияның ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI), оның жаңа президентінің сайлануын ескере отырып, қазіргі қызметімен таныстырды.

Тараптар бір-бірін Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады. Бұл ретте, Қазақстан Елшісі сұхбаттанушыға екі ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге қосқан үлесі үшін елшіліктің алғыс грамотасын табыс етті.

«Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесі (Іскерлік комитет) 2021 жылғы шілдеде «Qazindustry» Ұлттық компаниясы мен «CNI» Ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының бірлесіп төрағалығымен құрылды. 2021 жылғы қарашада Бразилия қаласында Іскерлік кеңестің бірінші отырысы, ал 2023 жылғы сәуірде Астана қаласында оның екінші отырысы өтті.

Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығын атап өтуде.