
Бразилиа, 2023 жылғы 4 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтың Бразилияның Амапа, Минас-Жерайс, Мато Гроссо де Сул және Парана Штаттарының іскер топтарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Қонақтар Елшіні ауыл шаруашылығы (соя, қант қамысы, кофе, тропикалық жемістер), мал шаруашылығы, құрылыс индустриясы, баламалы энергетика, логистика және сауда тәрізді салаларда маманданған өз компанияларының портфолиосымен таныстырды. Әңгіме барысында Қазақстанмен Бразилияның аталған өңірлері арасындағы ынтымақтастығын құру тұрғысында пікір алмасу өтті.
Өз тарапынан Қазақстан елшісі Бразилиялық бизнесмендерді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы шеңберінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен, сондай-ақ инвестициялық ахуалмен және Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Елші Бразилия штаттарының іскер топтарын Қазақстан нарығын белсенді игеруге және еліміздің инвестициялық заңнамасының транзиттік-логистикалық жағдайы мен артықшылықтарын ескере отырып, қазақстандық әріптестермен бизнес-байланыс орнатуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда аталған штаттардың келесі жылы Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Федерация жанындағы Минас-Жирайс штатының өкілі, хатшы Бруно Орнелас өз кезегінде Елшіні штат астанасы Бело-Резончи қаласына кез-келген уақытта штаттың басшылығымен және іскер топтарымен кездесу үшін сапармен келуге шақырды.
Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде.