«Қазақстан-Бразилия» Достық форумының өткен отырысы туралы

«Қазақстан-Бразилия» Достық форумының өткен отырысы туралы

Бразилиа, 2023 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстан Елшілігінде «Қазақстан – Бразилия» Достық форумының кезекті отырысы өтті.

 Кездесудің күн тәртібінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы бірқатар саяси реформаларды талқылау, сондай-ақ «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының 2023-2024 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары қамтылды.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде мемлекет пен қоғамды жүйелі жаңғырту бойынша Қазақстандағы саяси реформалардың негізгі бағыттарын атап өтті. Қазақстан Көшбасшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелеріне басты назар аударылып, ол азаматтардың барлық санаттарын мемлекетті жүйелі жаңғыртуға, экономиканы қайта жаңғыртуға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға тартуды күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Елші биылғы жылдың тамыз айында Рио-де-Жанейрода Оңтүстік Америкадағы Тұңғыш Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылуы, екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайту ісіне маңызды үлес қосқанын атап өтті. Ілияс Есенберлиннің португал тіліндегі «Көшпенділер» трилогиясының екінші томының Бразилиялық басылымының презентациясы, сондай-ақ «Қазақ хандығы. Алмаз қылыш» көркем фильмінің көрсетлімі 2023 жылдың 24 қазанында жоспарланған.

Брифинг барысында Елшіліктің 2024 жылға арналған жоспарлары да ұсынылды. Бұл ретте достық форумы – екі ел арасындағы диалог алаңы ретінде екі мемлекеттің мәдени-гуманитарлық және академиялық ынтымақтастығын кеңейту үшін сенімді негіз және үлкен көмек болып табылатыны атап өтілді.

Іс-шараға қатысушылар өз кезегінде, Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық бағдарламасына үлкен қызығушылық танытып, ел басшылығының реформаларын одан әрі іске асыруда табыс тіледі. Кездесу соңында талқыланатын тақырыптар бойынша белсенді пікірталас өтті.